21.11.2025, 0:00
Оқылды: 130

Депутаттар Бөкей еліне келді

Бөкей ордасы ауданына Асхат Аймағамбетов бастаған ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары арнайы келіп, «Шекара маңындағы өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс ұйымдастырды.

IMG-20251120-WA0090

Делегаттар құрамында депутаттар және әлеуметтік- мәдени комитетінің мүшелері Нұрлан Әуесбаев, Құдайберген Бексұлтанов, Айна Мысырәлімова, Нартай Сәрсенғалиев, Ерлан Саиров, Екатерина Смоляковалар бар.

IMG-20251120-WA0067
Депутаттармен қатар аталмыш отырысқа ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов, ҚР Ұлттық экономика вице- министрі Асан Дарбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов қатысты.
Облыстан өңір басшысы Нариман Төреғалиев, орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық  басқарма басшылары Елдос Сафуллин,  Бибігүл Қонысбаевалар да бірге келді.

IMG-20251120-WA0082
Аудан қонақтары  іссапарын Қарасу елді мекенінің бастауыш мектебі мен медициналық пунктінен бастады.
Ауылдық жердің хал-ахуалымен таныс болған Асхат Аймағамбетов жергілікті мектеп мұғалімдерімен тілдесіп, мектеп жағдайымен танысты. Жыл сайын көтерілетін ауылдық жерлердегі оқушылар саны мен сол  санның тиісті деңгейге жетіспеушілігінен мектеп жабылу мәселесі көтерілді.

IMG-20251120-WA0075
Медициналық пункт қызметкерлері де ғимараттың тозығы жеткенін айтып, маман жетіспеушілігі мәселесін де көтерді.
Бұдан кейін делегаттарымыз дәстүрге сай Жәңгір хан кесенесіне барып дұғаларын бағыштап, ата- бабамыздың тарихымен танысты.

IMG-20251120-WA0083
Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебінің ұжымымен кездескен Асхат Аймағамбетов ұстаздар және білім саласының қызметкерлерімен сұхбаттасып, ұсыныстарын тыңдады.
Ал «Шекара маңындағы өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері» тақырыбында өткен көшпелі кеңестің өзінде вице- министрлеріміз өз баяндамаларымен таныстырса, Асхат Аймағамбетов өз тарапынан кей баяндамашыға дұрыс деңгейде дайындалмағанын  айтып, өзекті мәселелерді көтерді.

IMG-20251120-WA0078
Отырыс барысында аса назар білім беру және медицина саласына бөлінді.
Тек біздің өңірде жүзеге асып жатырған «Қаладан ауылға» бағдарламасы да талқыға салынып, Нариман Төреғалиевтің бастамасымен қолға алынған бағдарлама министрлердің алдына үлгі ретінде ұсынылды.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале