Бөкей ордасы аудандық «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігі мен аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен көп балалы аналар және түрлі жұмысшы мамандық иелерінің арасында дойбыдан жарыс өтті. Жергілікті деңгейде өткен бұл сайысқа он екі ана қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева қатысушыларға сәттілік тілеп, әйелдердің қоғамдық шараларға белсенді араласуының маңыздылығына тоқталды.

«Көп балалы аналардың тек үй тірлігі мен бала тәрбиесінен бөлек, өз-өздерін дамытуға көңіл бөліп, осындай шараларға қалмай қатысуы – құптарлық. Алдағы уақытта да қоғамдық шаралардан қалыс қалмай, белсенділіктерізді жоғалтып алмаңыздар», - деді ол.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Гүлбахрам Оразбаева жеңімпаз атанса, Гүлсезім Аюпова екінші орынға ие болды, Жанаргүл Қауысова үздік үштікті түйіндеді.

Сонымен қатар, өзге қатысушылар да белсенділігі үшін арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.


Нұрай Таубай
Бөкей ордасы ауданы