26.11.2025, 16:15
Оқылды: 37

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фитосанитариялық бақылау жүйесін жетілдіруде

Халықаралық сауданың өсуі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының артуы жағдайында фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері ерекше маңызға ие болып отыр. Зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, карантинге жатқызылатын өнімді тиімді бақылау – ішкі нарықты қорғаудың және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

_gluster_2025_11_26_46f3b790268af49963a4b216048392f6_1280x720

2025 жылғы 24 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізудің жаңа тәртібі пилоттық режимде енгізілді. Бұл шешім Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Беларусь және Ресей тәжірибесін ескере отырып қабылданды және көршілес мемлекеттермен тең жағдай қалыптастыруға бағытталған. Сараптаманы «Фитосанитария» ШЖҚ РМК жүргізеді.

Жаңа тәртіптің тиімді жұмыс істеуі үшін аталған облыстарға карантинге жатқызылатын өнім жеткізілетін бақылау пункттері айқындалды. Экспортталатын өнімге арналған зертханалық сараптама еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған.

Тәртіпті енгізуге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен түсіндіру кездесулері өткізілді. Территориялық бөлімшелер мен зертханалардың мамандары қажетті оқыту курсынан өтті. Инспекция басшыларына сараптамалардың сапалы және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Жаңа тәртіп фитосанитариялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сараптамалардан түсетін қаражат саланы дамытуға – зертханалық жабдықтарды жаңартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале