26.11.2025, 16:30
Оқылды: 39

Әуе және теміржол билеттері қымбаттай ма?

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде ел ішіндегі негізгі бағыттар бойынша рейстер саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

s31IvNV6Bxog6hcKnkKnXg

Бұл өзгерістер әуе қатынасына да, теміржол бағыттарына да қатысты болады.
- Әуе рейстерінің саны көбейеді. Қосымша рейстер негізгі бағыттар бойынша анықталады. Бұл жолаушылар орнының санын арттыру арқылы да, тікелей жаңа рейстер ашу арқылы да жүзеге асады. Әсіресе Алматы, Шымкент, Ақтау бағыттары бойынша ұлғайту жоспарланған. Теміржол бағыттарына да қосымша құрамдар қойылады. Қолданыстағы маршруттарға жолаушылар санын көбейту үшін тіркеме вагондар қосылады, – деп атап өтті вице-министр.

Журналистер вице-министрден билет бағасының қымбаттау ықтималдығы туралы да сұрады.

- Жалпы алғанда, билет бағасының қымбаттауы күтілмейді. Халықтың 50%-дан астамы алдағы мереке күндеріне байланысты өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, билеттерін ерте сатып алады. Келесі жылға арналған жоспарларда билет бағасын көтеру қарастырылмаған, – деп жауап берді Мақсат Қалиақпаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале