20.01.2017, 10:57
Оқылды: 67

Өнер көгіндегі жастар бір серпілтті

Kaztalov Anshiler  Қазталов аудандық мәдениет үйінде Сарыөзеннен түлеп ұшқан өнерлі жастар «Елге сәлем»  атты  ән кешін ұсынды.

  Мәдениет үйіне келген көрермендерге орын болмай, түргеліп тұрды.


  Тек облыс емес, республикаға танымал өнерлі жастарымыз Дәурен Сейітжанов, Альберт  Ғазизжанов, Асылжан Тасболатов, Аңсар Бердіғалиев, Айтемір Дәулетқалиев, Айбар Хайырханов, Арман Биғалиев, Айбек Дәулетқалиев, Сейітжан Мақсотов, Думан Ғаббасов, Айымбек Сартуков, Румия Маратова көрермендер жүрегін баурап алды. Өнерлі отбасынан шыққан Арман Биғалиевтің қызы Румия балғын да, балаң дауысы сахнаны кернеп, аспанда қалықтап ән салған бозторғайдай болды.

  Қазталовтықтардың айтыс өнеріне сусап жүргені шындық. Думан соның орнын толтырып кеткендей болды.

  Концерттің соңында Айбар Хайырханов ешкімде бұйыра бермейтін дауысымен ән орындап, елді бір серпілтті.

  - Біздер кіндік қанымыз тамған туған ауылымызға балалық парызымызды өтеуге келдік. Ағайындарды ақ қар жамылған осындай мезгілде әнмен бір серпілтіп кетуді мақсат еттік. Ал, осыны ауданда ұйымдастырған  әріптесіміз, өнер жолында өзіндік қолтаңбасы бар Қайрат Абдулов бауырымызға мың рахмет! -деді Аңсар Бердіғалиев.

  Өнерлі жастарға аудан әкімі атынан алғыс хат табысталды.

 

Жұлдыз АСҚАР

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале