27.11.2025, 16:15
Оқылды: 60

Еңбекпен шыңдалғандар спортта оза шапты

Жерді еміп, малды бағып, темірді сөйлеткен ауыл еңбеккерлері бұл жолы күш пен ептіліктің өзге бір алаңында бас қосып, спортқа да ерекше жақын екендерін жарқырата көрсетті.

Ауыл шар спорттық жарыс (6)

«Қайсар» спорт клубында ауыл шаруашылығы қызметкерлері арасында қол күресі, садақ ату және асық ойындары секілді ұлттық спорттық жарыс өтті.

Шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату, округтер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Асық атудан 1 орынды Қуаныш Үсенов  (Жосалы) қанжығалады. 2 орын Ғалиасқар Қитаровқа (Жымпиты), 3 орын Айғожа Заманбекке (Қызылағаш) бұйырды.

Ауыл шар спорттық жарыс (5) (1)

Қол күресінен 1 орынды Ерболат Абдығалиев (Сарой) жеңіп алды. 2 орынғаДидар Тұрғали (Тоғанас) тұрақтаса, 3 орын тұғырынан Нұрлыбек Бегимов (Өлеңті) көрінді.

Садақ ату жарысында  Қатжанов Қанат (Жосалы) 1 орын, Рысқалиев Сырым (Тоғанас) 2-орын, Рамазанов Темірхан (Жетікөл) 3-орындарды бөлісті.

Ауыл шар спорттық жарыс (3)

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер диплом және «Қайсар» спорт клубының медальдарымен марапатталды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале