28.11.2025, 15:15
Оқылды: 82

Шыңғырлау аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден кейін ашылды

Шыңғырлау ауданында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясындағы тапсырысымен "БатысКотлоМонтаж" ЖШС-гі  құрылысшыларының жіті, сапалы және ұқыпты жұмысының арқасында аудан ауруханасы өз мерзімінде күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне ұсынылып жатыр.

image-28-11-25-12-59

Бұл - тұрғындардың көптен күтіп жүрген жаңалығы болатын. Басталған істің тез аяқталып, сапалы орындалуы халықтың бүгінгі күнге, мемлекет қолдауына деген сенімін нығайта түскендей. Мұндай көңіл- күйді тұрғындар жүзінен анық байқадық.

image-28-11-25-12-59-5

Жөндеуден өткен нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыс орталығынан келген сала басшылығының өкілдері, ауданымыздың сала ардагерлері қатысты.

image-28-11-25-12-59-4

1976-77 жылдары салылынған аталмыш аурхана сол шақтағы аудандар бойынша ең үлкен нысан болған екен. 180 керуеттік нысан сол тұста 30 мыңнан аса тұрғындары бар ауданға қызмет көрсетіп тұрған.

image-28-11-25-12-59-9

Кейінгі жөндеу жұмысы 2008 жылы жүргізіліп, одан бері де бірқатар жылдар араға түсіп кетті. Ескіре бастаған емдеу орнына тұрғындардардың шағымы әр тұста айтылып, басшылықтың халықпен кездесу жиындарында жиі көтеріліп жүрген- тұғын.

image-28-11-25-12-59-6

Міне, осы мәселе биыл қолға алынып, мемлекет қолдауы арқасында шешімін тауып отыр.

image-28-11-25-12-59-2

Аудан тұрғындары қуанышты, нысан іші таза, жарық және жылы. Кірген бетте көз қуантып, жарқырап- ақ тұр. Мекеме басшысы Қылыш Жазықбаевтың айтуынша аурухана заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, жаңартылған бөлімдер халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге жағдай жасап отыр, құрал жабдықтардың бірқатары қоса жаңартылып, жаңа емдеу мүмкіндіктері де туып жатыр екен. Аурухана ішкі-сыртқы жаңғыртудан өтіп, санитарлық талаптарға толықтай сай жабдықталған

image-28-11-25-12-59-3

Жақсы іске жан сүйінген салтанатты шара соңы ғимараттың ішкі көрінісімен танысып, нысан ауласына жас көшеттер егумен жалғасты.

Қаршыға Асу,

 Шыңғырлау ауданы

image-28-11-25-12-59-8

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале