Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов Ақбұлақ және Кеңтүбек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Ауылдық округтерде былтыр атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар жайлы Ақбұлақ ауылдық округ әкімі Н.Хайрамбаева мен Кеңтүбек ауылдық округ әкімі Ж.Лұқпанов баяндама жасады.
Ақбұлақ ауылында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маман келіп, бағдарлама бойынша үй сатып алған. «Өрлеу» бағдарламасы арқылы тұрмысы төмен 7 отбасына көмек көрсетілген. Жиналыста ауылдық округ тұрғындары электр жарығы, абаттандыру мәселесін алға тартты.
Кеңтүбек ауылындағы есептік кездесуде тұрғындар су мәселесінің әлі де қаралмағанын айтып шағымданса, келесі бір тұрғын «жол тек аудан әкімі келгенде аршылатынын» тілге тиек етті. Ал Григорьев мектеп директорының орынбасары жас мамандарға баспана салынса деген ұсыныс білдірді. Аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы осы жылы балабақша салынатынын айтып, екіншіден 4 ауылдық округте мамандарға арналған жатақхана салынатытын айтып тұрғындарды бір қуантты.
Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ
Бөрлі ауданы