Бөкей ордасы аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі мен Сайқын ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен орталық базарда жәрмеңке ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындарына мұратсайлық шортан және көксерке балық келісі 1300 тг ұсынылды.

Ет түрі мен көлемі де көп болды. Мысалыға, қой еті 2200 тң- ден болса сиыр еті 2500 тң, жылқы еті 2600 тң. Ал қазы 6000 тң сатылды.

Ал, кәуептің құпиясын меңгерген кәсіпкерлеріміз жәрмеңке қонақтарына тәтті кәуептерін ұсынды.
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы