Бөкей ордасында бұрын-соңды болмаған «Нарын дауысы» атты ерекше жобаның тұсауы кесілді. Бұл ән байқауының ерекшелігі сонда, үміткерлер әншілік оқу-тоқуы жоқ, мәдениет саласында жұмыс жасамайтын, бұған дейін ән байқауларына қатыспаған жандар болуы керек. Тігілген жүлде қоры да аз емес. Бас бәйгеге миллион теңге тігілген.

Күні кеше жобаның бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Әр қатысушы терең талғамымен, тыңғылықты дайындығымен көрермен мен қазылар алқасының үдесінен шығуға барын салды. Кіл мықтының ішінен кімнің оза шығатынын анықтауда тартыс жоғары болды десек, артық айтқандық емес. Кәсіби музыкаға тікелей қатысы болмаса да, әншілік қабілетін жұрт алдында көрсетуге талпынған әр өнерпазға алғысымызды білдіреміз.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай саны аз болғандықтан, сайқындық Айзада Сәлімова, ұялылық Тілекші Бисенова, жәнібектік Айбол Серіков жарыс жолынан шығып қалды.

Байқаудың екінші кезеңі 12 желтоқсанда басталады.
Арайлым Маратқызы
Бөкей ордасы ауданы