30.11.2025, 10:00
Оқылды: 34

Қазақстанда сәулелік терапия сапасын бақылаудың ұлттық жүйесі құрылмақ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның алқа отырысында елдегі онкологиялық орталықтардағы жабдықтарды, олардың тиімді қолданылуын және кадрмен қамтамасыз етілуін бағалау үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

90947fa0-fee3-4da6-bc5c-9113087bda78

Фото: freepik 

Министрдің айтуынша, аудит қорытындылары негізінде 2026 жылдың 1 наурызына дейін сәулелік терапия сапасын бақылаудың бірыңғай ұлттық жүйесін әзірлеу, сондай-ақ радиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың мақсатты бағдарламасын дайындау қажет. Сонымен бірге кадр тапшылығы жоғары өңірлерге онкология резиденттерін жіберу жоспарланып отыр.

Өңірлерге радиологтарды оқытуға қосымша қаржы бөлу, ядролық медицина, патоморфология және интервенциялық онкология бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыруды жалғастыру ұсынылды.

Паллиативтік көмек көрсету желісін кеңейту және бұл қызметтің барлық мұқтаж пациенттер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделуде.

Сонымен қатар онкоорталықтар эксперттік эндоскопиялық орталықтарды жабдықтауды аяқтап, аз инвазивті технологияларды кеңінен енгізуі тиіс.

Алқа барысында медициналық ақпараттық жүйелерді жаңартылған диспансерлік және стационарлық регистрлермен толық интеграциялауды аяқтау тапсырылды.

Бұған дейін жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде онкологияда қолданылатын бірқатар ісікке қарсы препараттардың бағасын 40 пайыздан астам төмендету мүмкін болғаны хабарланған еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале