"Қазақ темір жолы" АҚ деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйектен 27 қарашаға дейін 3,1 млн тонна дән шығарылған. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде 2,7 млн тонна дән экспортталған", - деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі.

Фото: www.gov.kz
Қазақстан дәнінің экспорттық тасымалы: Өзбекстанға — 32,8%-ға (1 066 мың тоннадан 1 416 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 2 есе (44 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға — 28,8%-ға (139 мың тоннадан 179 мың тоннаға дейін) артқан.