2.12.2025, 10:15
Оқылды: 104

АИ-92 бағасының өсуі: Министрлік түсініктеме берді

Энергетика министрлігі әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тараған АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасының өсуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

жп заправка

 Ведомство мәліметінше, елімізде жанар-жағармай бағасын көтеруге қойылған мораторий күшінде қалып отыр. АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы 2025 жылғы 16 қазанда белгіленген деңгейде сақталуда.

- Ақпараттық сервистер мен цифрлық карталар бағаны өзгертуге негіз бола алмайды. Егер нақты бір жанармай құю бекетінде белгіленген деңгейден жоғары баға тіркелсе, өкілетті органдар әр жағдайды жеке қарайды, — деп атап өтті министрлік.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және өңірлік штабтармен бірлесіп, нарыққа тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Бағаның негізсіз өсуі анықталған жағдайда, жауапты тұлғаларға шара қолданылатын болады.

Жанармай бағасының шектен тыс қымбаттауына тап болған азаматтарға call-орталық нөмірлеріне хабарласу ұсынылады: +7 (701) 855 02 48, +7 (7172) 57 44 81.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале