2025 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,8%-ға ұлғайды. Бүгін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Фото сайт архивінен
«Биыл өңдеу өнеркәсібінде оң динамика сақталып отыр. 10 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асып, 5,8%-ға өсті», — деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, өсім ең алдымен металлургия, машина жасау, химия саласы, сондай-ақ құрылыс материалдары сынды негізгі сегменттерде өндіріс көлемін ұлғайту есебінен қалыптасып отыр.