2.12.2025, 10:45
Оқылды: 30

Қазақстанда отандық өндірушілерге жеңілдікпен берілетін шикізат тізімін кеңейту жоспарланып отыр

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында отандық кәсіпорындарға жеңілдікпен шикізат беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

09d1a41a-1cde-4250-a9bb-da2c94e22cb0
Фото: t.me/KZgovernment

Ол ірі өндіруші компаниялар ішкі нарықты шикізатпен басым тәртіппен қамтамасыз ететінін және осыдан кейін ғана экспортқа лицензия алатынын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл тетікпен мыс, алюминий және мырыш өндірушілер жұмыс істейді.
«Жеңілдік мөлшері өңдеу тереңдігіне байланысты: дайын өнім үшін 5%, аралық өнім үшін 1% жеңілдік қолданылады. Тетік енгізілген сәттен бастап 30 келісім жасалды. Әсер қазірдің өзінде байқалады. Мыс өңдеу жыл соңына дейін 40%-ға, алюминий 20%-ға, мырыш өңдеу 25%-ға артады. Қазір осы тетікпен жұмыс істейтін шикізат тізімін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», — деп толықтырды Ерсайын Нағаспаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале