2.12.2025, 17:30
Оқылды: 20

Жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына, мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына, Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ережесіне және Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №39 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап С. Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры лауазымына Аңсар Ихсанұлы Ибраев тағайындалды.

WhatsApp Image 2025-12-02 at 16.24.18

Жаңа басшыны ұжымға бөлім басшысы Ержан Хабиболлаұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Қайрат ЖАҚЫП,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале