Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің өкімімен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Ғалиев Ербол Ғалиұлы тағайындалды.

Ғалиев Ербол Ғалиұлы — Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылында 1984 жылғы 2 қазанда дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Газ, мұнай құбырлары мен газ, мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
17.09.2008–17.02.2009 — Орал қаласындағы «Металлоизделия» ЖШС-нің металл құрылымдары слесарі;
12.05.2009–05.06.2009 — Орал қаласындағы «Бекарыс» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің инженері;
18.08.2009–11.03.2011 — Орал қаласындағы «Уральскагрореммаш» АҚ-ның белгілеушісі;
14.03.2011–16.04.2012 — Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің аға маманы;
16.04.2012–21.12.2021 — Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы;
10.10.2023–17.03.2024 — Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы;
18.03.2024–02.12.2025 — Жаңақала ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы