3.12.2025, 17:30
Оқылды: 9

Ішкі жолдардың құрылысы қарқын алды

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда Сайқын ауылының Т.Жароков, М.Бегалиева көшелеріне асфальт төсеу аяқталып, Ғ.Бөкейханов көшесінің жолын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Алдағы кезекте Р.Егізбаев көшесі жоспарда тұр. Хан ордасы ауылының Т.Жароков көшесі аяқтала келді. Келесі Ғ.Зарипов көшесі. Бисен ауылының Т.Масин, Б.Жәнекешев көшелеріне жер және асфальтқа дайындау жұмыстары жүргізілуде.

ішкі жолдар

Жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов қадағалап, мердігерлерге тиісті тапсырмалар берді.

Аудан тұрғындары ұзақ жылдардан бері күткен бұл жобалардың іске асырылуы қозғалыс қауіпсіздігін жақсартып қана қоймай, әлеуметтік нысандарға қатынауды жеңілдетеді.

Арайлым Маратқызы

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале