4.12.2025, 16:00
Оқылды: 20

Біздің басты міндетіміз – қоғамға қалтқысыз қызмет ету

6  желтоқсан  –  Прокуратура  күні

Жыл сайын 6 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасы прокурату­расы күні аталып өтеді. Бұл – заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделерін сақтау жолында еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл  дата прокуратураның әділдік пен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі  жоғары мәртебесін айқындайды.

WhatsApp Image 2025-12-04 at 16.34.36

Қазақстан прокуратура­сы кең конституциялық өкілеттіктерге ие: заңдардың орындалуына жоғары  қадағалауды жүзеге асырады, мемлекеттік айыптауды қолдайды, сот процестеріне қатысады, қылмыспен күрес саласында құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді, құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Прокурор жұмысы терең құқықтық білімді, принцип-шілдікті, жауапкершілікті және жоғары моральдық тұрақтылықты  талап етеді. Тәуелсіздік жылдарында прокуратура  жүйесі қадағалау тиімді­лігін арттыруға, қызметтің ашықтығы мен айқындығын күшейтуге, заманауи стандарттар мен технологияларды енгізуге бағытталған елеулі реформалардан өтті. Тұрақты жұмыс істейтін құқықтық база қалыптасты, кадр саясаты күшейтілді, прокурор қызметкерлерінің кәсібилігіне, даярлығына және этикалық нормаларына ерекше мән берілуде. Бүгінде прокуратура қызметкерлері заңның үстемдігін қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, бұзылған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіруде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Олардың табанды еңбегінің арқасында мемлекеттік институттарға деген жұртшылықтың сенімі артты. Бұл күні прокуратура құрылымдарының ардагерлеріне ерекше алғыс білдіріледі. Құқық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың тәжірибесі мен мамандыққа адалдығы заң жолын таңдаған жас мамандар үшін үлгі  болып табылады.

Прокуратура күні – тек кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар әрбір прокурордың басты міндетін, яғни заңды қатаң сақтау, әділ әрі бейтарап болу, мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау, Конституция қағидаттарын берік ұстануларын айқындайтын маңызды күн.

Бұл күн бірлік пен кәсіби мақтаныштың, жоғары жауапкершіліктің белгісі болғай. Қазақстан Республикасы прокуратурасы құрылымдарының қызметкерлеріне, әріптестеріме мықты денсаулық, қызметтік табыс және құқықтық тәртіп пен әділдік жолындағы еңбектеріне толағай жетістіктер тілей­мін!

Мейірхан  Ізімов,

Орал  қаласының  прокуроры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале