4.12.2025, 23:38
Оқылды: 5

Ұлттық өнердің ұлы көшінде

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің кеші өтті. Аудан қонақтарын қарсы алғаннан кейін, келіндер ансамблі ақ ұсынып, мәдениет үйі күмбірлеген күймен өрілді.

image-04-12-25-11-27-1

«Алыптар алаңына» гүл шоқтарын қойып, өнерпаздар ұлттық рухты ұлықтай білген өнер сүйер қауыммен қауышты. Ансамбль сахнаға шыққанда халық өнерінің ғасырлық жыры қайта жаңғырып, әр тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Сондай-ақ, олардың орындауындағы Құрманғазының адуынды қасиеті, Тәттімбеттің нәзік лирикасы, Біржанның сырлы әуені, Дәулеткерейдің терең философиясы да бір арнаға соғысып, өнердің өрісі кеңейді. Жиналған қауым гүл шоқтарын ұсынып, қошеметтерін аямады.

photo-output

Кеш соңында, аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалының директоры Асланбек Сатыбалдиев атынан ықылас гүлі, алғысхат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале