5.12.2025, 15:45
Оқылды: 93

Іскер - Жанна Кенжина

Астанада Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін, қайырымдылыққа деген белсенді қатысуын жоғары бағалап, алдағы уақытта бизнес өкілдеріне Мемлекеттік “Мейірім” ордені тағайындалатынын атап өтті. Президент мемлекет пен кәсіпкерлік секторының өзара ынтымақтастығы ел игілігі үшін қызмет ететінін айтып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалғаса беретінін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-12-05 at 13.47.44

Аталған байқау аясында өңіріміздің жол құрылысы саласындағы әзірге жалғыз әйел-көшбасшы, «Приоритет» компаниясының директоры Жанна Кенжина «Іскер» премиясымен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-12-05 at 14.37.48

«Іскер» премиясы – конкурс-көрмеге қатысушылар арасынан өз саласында айтарлықтай табысқа жеткен, сапа стандарттарын берік ұстанып, үздіксіз еңбектеніп келе жатқан компанияларға берілетін мәртебелі марапат.

Бұл – Жанна Кенжинаның кәсібилігіне, көшбасшылық қабілетіне, табандылығы мен еңбегіне берілген әділ баға. Оның артында күнделікті еңбек ететін білікті мамандардан құралған мықты ұжымның қолдауы бар.

Бүгінде компанияда 200-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде бұл көрсеткіш бірнеше есеге артады. Қазіргі уақытқа дейін «Приоритет» 600 шақырымға жуық жол салды. Оның ішінде республикалық және облыстық маңызы бар маңызды автожолдар бар.

Қазіргі таңда компания өңіріміз үшін стратегиялық маңызы зор “Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы” республикалық жолының 72–144 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

"ДСК Приоритет" ЖШС баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале