Өңір әкімі Нариман Төреғалиевтың айтуынша, алдағы бес жылда 4,4 трлн теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 73 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 17%-ға өсіп, 303 млрд теңгені құрады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, тікелей шетелдік капиталды тарту мақсатында Чехия, Ресей, Иран, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінде бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.
«Өнеркәсіп, құрылыс, медицина, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында жалпы құны 1 трлн теңге болатын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды», - деді облыс әкімі.