Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова "Мобильді қабылдау" аясында Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінде азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында Сейтәлі қыстағының тұрғындары өздері тұратын жерге елді-мекен статусын беру туралы, соның негізінде табиғи газды тұтынуға жол ашылатынын айтса, Ұялы ауылының тұрғындары мәдениет үйін салып беруді сұрады.

Сонымен қатар, тұрғын үй, жұмыспен қамту, интернет байланысының сапасы туралы сұрақтармен жолықты.

Өз кезегінде Гаухар Жәрдемқызы барлық мәселенің назарға алынып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстанатынын жеткізді.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы