9.12.2025, 16:45
Оқылды: 61

Сырым ауданында жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылауға арналған шаралар өтті

Еңбекші қауымның мерейін өсіріп, ел дамуына қосқан үлесін құрметтеуге арналған жылдың қоғамға артқан міндеті жеңіл емес.

PHOTO-2025-12-09-14-54-34 (5)

Қорытынды шараға  түрлі салада маңдай терімен, адал еңбегімен еленіп жүрген жұмысшы мамандар қатысты. Мәдениет үйінің фойесінде Сырым колледжінің ұйымдастыруымен “Адал адам – адал кәсіп – адал табыс” тақырыбындағы көрме қойылып, көрерменге еңбек мамандықтарының маңызын айшықтайтын шаруашылық құралдардан жасалған қол өнер бұйымдары ұсынылды.

PHOTO-2025-12-09-14-54-34 (3)

Концерттік бағдарламада Жымпиты халық театры “Адал еңбек” атты театрландырылған қойылымын ұсынып, еңбек адамының қоғамдағы рөлін сахна арқылы шебер көрсетті. Сонымен қатар аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, кеш шырайын аша түсті.

PHOTO-2025-12-09-14-54-34 (4) PHOTO-2025-12-09-14-54-34 (2) PHOTO-2025-12-09-14-54-34 (6)

“Қайсар” спорт клубында жұмысшы мамандықтар жылына және ҚР Тәуелсіздік күніне орай мекеме қызметкерлері арасында арқан тарту, табан тартыс, гір тасын көтеру және қол күресі сынды спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды.

PHOTO-2025-12-05-22-07-11 PHOTO-2025-12-09-14-54-34 PHOTO-2025-12-09-14-54-34 (1)

Салтанатты жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Тоқмамбетов қорытынды сөз сөйлеп, еңбек майталмандарына ризашылығын білдірді.

 

Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале