Шараның басты мақсаты – төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың алдын алу мен оларды реттеу ісінде әйелдердің шешім қабылдауын арттыру және гендерлік теңдікті нығайту болды.

Семинарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен гендер мәселелері бойынша ұлттық сарапшы, «Отбасы табысы орталығы» қоғамдық қорының директоры Роза Бекишева жүргізді.

Шараға БҚО әкімдігі өкілдері, мемлекеттік органдар мамандары, медиаторлар, қоғамдық ұйымдар жетекшілері және жергілікті белсенді әйелдер қатысты.
Жанерке Ғинаят,
zhaikpress.kz
