10.12.2025, 16:15
Оқылды: 13

БҚАТУ-да өткен спорт апталығы

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Политехникалық институтында өткен дәстүрлі спорт апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-12-10 at 16.46.09

Студенттер белсенді түрде қатысқан апталық аясында әртүрлі спорт түрлерінен қызықты да тартысты жарыстар өтті. Спорт мерекесіне айналған бұл күндері білім алушылар теннистен, дойбы мен шахматтан, асық атудан, волейболдан, армрестлингтен және шағын футболдан өзара бақ сынасты. Әр сайыс барысында жастардың жігері мен салауатты өмірге деген құштарлығы айқын көрінді.

Айталық, теннис алаңдарында жылдамдық пен шеберлік сынға түссе, ой жарысы саналатын шахмат пен дойбыда тапқырлық пен стратегиялық ойлау басым болды. Ұлттық ойынға деген қызығушылықты арттырған асық ату жарысы да ойдағыдай өтті. Командалық рух пен ұйымшылдықты талап ететін волейбол мен шағын футбол жарыстарында ерекше тартыстар орын алып, көрермендер қатысушылардың шеберлігіне риза болды. Ал күш пен шыдамдылықтың бәйгесі – армрестлингтен болған жарыстар нағыз жігер додасына айналды.

WhatsApp Image 2025-12-10 at 16.45.34

Жарыс қорытындысы бойынша студенттер спорттың әр түрінен жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттарды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің табандылығы мен еңбегі институт басшылығы тарапынан жоғары бағаланды. Политехникалық институтта өткен спорт апталығы жастар арасындағы достықты күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттаған жарқын шара ретінде есте қалды.

Бибігүл Сарбалина,

Политехникалық институт директорының

 тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, т.ғ.к.  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале