12.12.2025, 11:00
Оқылды: 7

БҚО-да мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші қамауға алынды

Таңғы сағат 04:00 шамасында Бөрлі – Ақсай трассасында Бөрлі ауданы патрульдік полиция взводының қызметкерлері Chevrolet Niva автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 43 жастағы Аксай қаласының тұрғыны бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол қайтадан алкогольдік масаң күйде рөлге отырған, бұл медициналық тексеру барысында расталды.

Полиция ЖП

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, 1–14 желтоқсан аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

ЖПІШ-нің алғашқы 10 күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 мыңнан астам фактісін тіркеді. Олардың ішінде:

мас күйінде көлік басқарудың 33 дерегі;

қарсы жолаққа шығудың 15 дерегі;

жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілердің көлік басқаруының 52 жағдайы;

рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарудың 40 жағдайы анықталды.

Бұдан бөлек, іс-шара барысында бұрын жүргізуші құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік басқарған тағы төрт жүргізуші ұсталды. Жедел-профилактикалық іс-шара жалғасуда. Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

БҚО Полиция департаменті 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале