13.12.2025, 14:30
Оқылды: 84

Республикалық қысқы ойындар мәресіне жетті

Көкшетау, Қостанай және Шучинск қалаларында өткен IV республикалық ауыл жасөспірімдерінің қысқы спорт ойындары өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған дүбірлі додада еліміздің 11 өңірінен келген 300-ден астам жас спортшы хоккей, коньки және шаңғы жарыстары бойынша бақ сынасты.

4c443ab2-060e-46ed-a9cf-c3ce3d4ff65a
Кешенді ойындар барысында өңір хоккейшілері алтыншы орынға тұрақтаса, конькиші ұлдар төртінші, ал қыздар арасында сынға түскен спортшылар үшінші нәтижені көрсетті. Шаңғы жарысынан сынға түскен команда командалық есепте бесінші орынды иеленді.
Жалпы есепте облыс спортшылары 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтиже көрсетті. Жарыстың соңғы күнінде Жанерке Тудахунова жеңіс тұғырынан көрінсе, Алишер Мәліков, Амира Жақсылықова және Ләйлә Мұқатова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Андрей Пирог қола медаль иеленді.
Жалпыкомандалық есеп бойынша Ақмола облысының спортшылары үшінші орынға жайғасса, Қостанай құрамасы екінші орынды еншіледі. Ал қысқы ойындардың жеңімпазы атанған Шығыс Қазақстан облысының командасы үздік нәтиже көрсетті. Біздің облыс спортшылары бұл жолы бесінші орынмен шектелді.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале