15.12.2025, 12:30
Оқылды: 21

Ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадада 193 жүлде сарапқа салынды

Астанада ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірінен іріктеуден өткен 432 оқушы қатысты. Байқау нәтижесінде 193 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 
_gluster_2025_12_15_544493852e7030881b4e964a76d21164_1280x720

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» республикалық және өңірлік орталықтарының өкілдері, сондай-ақ педагогикалық ұжымдар қатысты.

Ауыл мектептері үшін өткізілетін республикалық олимпиада – дарынды оқушыларды анықтаудың және қолдаудың тиімді тетігі, сондай-ақ оқушылардың терең білім, жауапкершілік пен аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Олимпиада аясында барлығы 193 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 37 алтын, 55 күміс және 101 қола медаль бар. Командалық есеп бойынша Түркістан облысының командасы Гран-при иегері атанды. «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом Маңғыстау облысының құрамасына табысталды. II дәрежелі дипломмен Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының командалары, III дәрежелі дипломмен Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары марапатталды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жеңімпаз атанған Жамбыл облысының оқушысы Қашқынбай Каусарға SDU гранты табысталды. Ағылшын тілі пәні бойынша екі жеңімпаз British Council ұйымынан IELTS тапсыру құнын толық өтейтін сертификаттарға ие болды.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық оқушылар алдағы зияткерлік іс-шараларға дайындық мақсатында «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. I дәрежелі диплом иегерлері 2026 жылдың наурыз айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Анықтама: Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша өткізіледі және төрт кезеңнен тұрады. 2025–2026 оқу жылында мектепішілік кезеңге шамамен 125 мың оқушы қатысты. Қорытынды кезеңге 1000-ға жуық оқушы жолдама алып, олардың 432-сі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиадаға қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиада 23-29 қараша аралығында Астана қаласында өтіп, 200 жеңімпазды анықтады.

15 желтоқсан 2025

Келешек мектебінде алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды

15 желтоқсан 2025

Балалар үйінің жас таланттары үлкен сахнада өнер көрсетті

12 желтоқсан 2025

Цифрлық дәуірде тек технократтардың ғана емес, гуманитария саласындағы ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру білім саласы үшін өзекті - Жұлдыз Сүлейменова

11 желтоқсан 2025

Биылдан бастап 100 мектепке дейінгі ұйымда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы басталды

11 желтоқсан 2025

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале