16.12.2025, 9:30
Оқылды: 174

Шыңғырлау ауданында «Баянсұлу» сауда үйі ашылды

Шыңғырлау ауданында ауыл келбетін көркейтіп, тұрғындарға қолайлы қызмет ұсынатын «Баянсұлу» сауда үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді мақсат етеді.

image-15-12-25-09-47-7

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, сауда үйінің ашылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

image-15-12-25-09-47-4

— Ауылымыздың ажарын арттырып, тұрғындардың күнделікті қажеттілігін өтейтін бұл сауда үйінің ашылуы – ортақ қуаныш. «Баянсұлу» сауда үйі сапалы әрі сәнді киімдер ұсынумен қатар, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді, — деді аудан әкімі.

image-15-12-25-09-47-6

Жаңа нысанның ашылуы ауыл тұрғындары тарапынан жылы қабылданды. Қонақтар мен тұрғындар «Кисимбетова» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Баянсұлу Бақытжанқызына сәттілік тілеп, игі бастамасына ақжарма лебіздерін білдірді.

image-15-12-25-09-47-2

image-15-12-25-09-47-3


image-15-12-25-09-47-5
Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале