19.12.2025, 15:00
Оқылды: 34

2025 жылы су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты: Үкімет жылдық жұмыс қорытындысы туралы

Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Нәтижесінде, 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты, - деп жазады primeminister.kz

5343865157014195394

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында атап өткендей, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы екі есе өсіп, 300 мың теңгені құрап отыр. Төменгі буын қызметкерлерінің орташа жалақысы 92 мың теңгеден 185 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсарту шаралары аясында, биылдан бастап «Қазсушар» РМК-нің 425 маусымдық қызметкері тұрақты қызмет орындарына ауыстырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале