20.12.2025, 9:00
Оқылды: 9

Қалалық білім мекемелері БҚАТУ-мен әріптестік орнатты

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Орал қалалық білім беру бөлімінің «Жаңа буын инженерлері» қауымдастығына кіретін білім мекемелерімен өзара әлеуметтік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою іс-шарасы өтті.

DSC02820
Бұл шараға университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Нұркен Губашев, институт және факультет директорлары, профессор-оқытушылар құрамы және Орал қаласындағы №41 мектеп-лицей директоры Айтжан Даумова бастаған бірқатар мектептер мен қалалық оқушылар сарайының басшылары қатысты. Оқу ісі жөніндегі проректор Н.Губашев бұл басқосудың маңыздылығын атап өтсе, №41 мектеп-лицей директоры А.Даумова «Жаңа буын инженерлері» қауымдастығына кіретін білім мекемелерімен ынтымақтастық орнату туралы ұсыныстарын қабыл алған жоғары оқу орнының басшылығына ризашылығын жеткізді. Бұдан әрі екі тарап меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесе түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға, өзара тиімді нәтижелерге бірге қол жеткізуге уағдаласты.

DSC02867
Бұған дейін құрамына бірқатар мектептер мен Қалалық оқушылар сарайы кіретін «Жаңа буын инженерлері» қауымдастығы ұлттық құндылықтар арқылы бәсекеге қабілетті жаңа буын инженерлерін қалыптастыру үшін техникалық бағыттағы оқушылардың кәсіби бейімін дамыту және STEM-инженерлік, IT, робототехника салаларында тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында Жәңгір хан университетімен серіктестік орнатуға ниет білдірген болатын. Меморандумның мақсаты – білім беру мен әлеуметтік салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың тұлғалық дамуы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, инженерлік, шығармашылық және азаматтық бағыттағы бастамаларды дамыту үшін қолайлы орта құру. Осы серіктестік аясында университет пен мектептер үшін оқушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау, олардың болашақтағы саналы таңдауына ықпал ету, оқу бағдарламаларын жетілдіру, сондай-ақ оқушыларға қосымша білім мен тәжірибе алу мүмкіндіктерін ұсыну арқылы өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу көзделді. Алдағы уақытта бірлескен семинарлар, конференциялар, шеберлік сабақтарын, кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыру; STEM және инженерлік бағыттағы жобалар мен үйірмелерге әдістемелік қолдау көрсету; мұғалімдер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, университетте және мектептердің базасында факультативтер мен үйірмелер ұйымдастыру; университет пен бейінді кәсіпорындар базасында өндірістік практикалар өткізу жоспарланып отыр.

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале