20.12.2025, 12:48
Оқылды: 65

Зашағанда «Келешек мектебі» ашылды

Орал қаласының Зашаған кентінде 600 орынға арналған заманауи білім ордасы пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп – өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың жарқын үлгісі. Нысанның жалпы құны 4,7 млрд теңгені құрайды.

a48e150c-ec2b-4624-ad14-e8c3a044b309

Суретке түсірген: Мәди Салық

Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы қатысып, жиналған жұртшылықты жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады.

30bf03af-a888-43c4-9b42-afd2f729ef42Өңір басшысы өз сөзінде білім саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

45b746d8-a207-4aeb-b77b-b0a2423985fb

Әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында 9806 орынға арналған 28 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 1338 орындық 16 мектеп «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында салынса, 1060 орындық 3 мектеп жергілікті бюджет есебінен, 508 орындық 2 мектеп Білім инфрақұрылымын дамыту қоры қаржысы арқылы бой көтерген. Сонымен қатар, «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 6900 орынға есептелген 7 мектеп ел игілігіне берілді. Жақын күндері Ақсай қаласында тағы бір «Келешек мектебі» пайдалануға берілмек.

3c2ddaab-ca92-4428-84f8-f1f30461299d

Аталған жұмыстардың нәтижесінде өңірде 11 апаттық мектептің, 6 үш ауысымды мектептің және 12 бейімделген ғимаратта орналасқан мектептің мәселесі толық шешімін тапты.

1a1a7345-3b17-47f8-8bdb-27646a729dac

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы облыс аумағында 9 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, ал 2025–2027 жылдары 86 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

e8f82d17-2154-4731-b3ff-ac9d4ecd2cc7

Өңір басшысы жаңа мектептің ұстаздар мен оқушылар үшін қолайлы орта қалыптастырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қызмет ететініне сенім білдірді.

c406f50f-2401-4226-bcfa-2de546cd6699

Үш қабатты мектеп ғимараты функционалдық тұрғыда тиімді жоспарланған. Оң қанаты бастауыш сынып оқушыларына, сол қанаты орта және жоғары буынға, ал орталық бөлігі жалпымектептік кабинеттерге арналған. Бірінші қабатта екі спорт залы орналасқан: бастауыш сынып оқушыларына арналған шағын зал және орта, жоғары сыныптарға арналған кең зал. Сонымен қатар шеберханалар бір аумаққа шоғырланып, жеке кіріп-шығу есігімен қамтамасыз етілген.

Жаңа білім ұясында 33 оқу кабинеті бар, барлығы заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған. Орталық блоктың екінші қабатында 130 орындық акт залы орналасқан. 176 орындық асханада бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек үш кіреберіс қарастырылғаны – қауіпсіздік пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған шешім.

20fd963a-a483-4e79-ba52-78c4d5cbba7c

Бұл мектептің ашылуы Зашаған кентіндегі үш ауысымда оқып отырған Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің жүктемесін айтарлықтай азайтпақ. Жаңа мектепке 1272 оқушы ауысып, 91 педагог еңбек жолын жалғастырады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, «Келешек мектебі» оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған заманауи пән кабинеттерімен жабдықталған. STEM, робототехника, визуалды дизайн, хореография кабинеттері, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті кабинет соңғы үлгіде жасақталған.

8f4694c1-2c9e-477e-afb3-a3f26b16f8ea

Еліміздің болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ. Зашағандағы жаңа мектеп – сол жарқын болашаққа бастар сенімді қадам. Мұнда оқушылардың сапалы білім алып, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Келешек мектебінен түлеп ұшқан шәкірттер елдің ертеңгі тірегіне айналары сөзсіз.

Бекзат Қанәділ

zhaikpress.kz

c9474cb3-d395-4dd7-b634-37df1dcbe213

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале