Қазақтың қайырымдылық дәстүрі мен туған жерге деген сүйіспеншілігі әрбір ұрпақта ерекше қадірленіп, жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау рәсімі арқылы еліміздің барлық өңірінде көрініс табуда. Биылғы аудандық «Жомарт жүрек» сыйлығы біздің ауданымызда да салтанатты түрде өткізілді. Бұл шара туған жерге меценаттық қолдау көрсеткен, ел игілігіне өзіндік үлесін қосқан азаматтарды құрметтеп, марапаттауға арналады. Казталов ауданының ауылдарынан шыққан түлектер мен жерлестеріміз ауылдары мен мектептеріне үлкен қамқорлық жасап, келесі жобаларды жүзеге асырды.

Атап айтар болсақ, Көктерек ауылының 1999 жылғы түлектері ішкі көшелерге 400 000 теңгеге жарық шамдар жеткізді. Қарасу орта мектебінің 2010 жылғы түлектері орталық саябаққа 400 000 теңгеге жарықдиодты шамдар орнатып берді. Ақпәтер орта мектебінің 1995 жылғы түлектері ауылға 500 000 теңгеге «Ту тұғырын» сыйлады. Ғали Беғалиев орта мектебінің 2015 жылғы түлектері 500 000 теңгеге қазіргі заманға сай түсірілім жасауға арналған «Дрон» аппаратын тарту етті. Көмекші ауылының 1963 жылғы түлектері кіреберіс жолға 500 000 теңгеге жарықдиодты жол белгісін орнатуға үлес қосты. Ақпәтер орта мектебінің 1985 жылғы түлектері орталық саябаққа 500 000 теңгеге орындықтар мен тұрмыстық қалдықтар салғышын сыйлады. Қарасу орта мектебінің 2020 жылғы түлектері арқан тартысқа арналған кілемше тарту етті (500 000 теңге). Көктерек орта мектебінің 2005 жылғы түлектері мәдени шараларға 700 000 теңгеге киіз үй сыйлады. Ғали Беғалиев орта мектебінің 1985 жылғы түлектері Қошанкөл кіреберісіне 800 000 теңгеге қоршау жүргізіп, көшеттер отырғызды. Қараөзен мектеп-лицейінің 1980 жылғы түлектері 800 000 теңгеге дрон аппаратын сыйға тартты. Қарасу орта мектебінің 1995 жылғы түлектері орталық саябаққа 1 000 000 теңгеге «Алтыбақан» және «Жүрекше» композициясын орнатып берді. Көпкүтір елді мекенінің 1978 жылғы түлектері 1 000 000 теңгеге «Түлектер тынымбағын» салды. Талдыапан ауылының 1978 жылғы түлектері 1 100 000 теңгеге волейбол спорт алаңын ашты. Әбіш ауылының 1978-1988-1997 жылғы түлектері 1 200 000 теңгеге көше жарығын, ту тұғыры мен қазақ радиосын тарту етті. Көктерек орта мектебінің 2000 жылғы түлектері 1 500 000 теңгеге түлектер саябағына «Субұрқақ» орнатып берді. Бірік орта мектебінің 1985 жылғы түлектері 1 500 000 теңгеге балалар ойын алаңына «Көлеңкелі қалқа» жасады. Болашақ орта мектебінің 2005 жылғы түлектері 1 500 000 теңгеге мәдениет үйі алдына өрнектастар төседі. Болашақ ауылының 1985 жылғы түлектері 1 500 000 теңгеге орталық саябаққа өрнектастар төсеп, орындықтар мен жарық шамдар орнатты. Көпкүтір елді мекенінің әр жылдары туылған түлектері 1 500 000 теңгеге жарықдиодты жол аркасын орнатты. Бостандық орта мектебінің 1985 жылғы түлектері 1 800 000 теңгеге мәдениет үйіне музыкалық аспаптар сыйлады. Талдыапан ауылының 1968 жылғы түлектері 1 800 000 теңгеге жазғы сахна жасады. Нұрсай ауылының түлектері мен шаруа қожалық жетекшілері 1 800 000 теңгеге жазғы сахна мен мәдениет үйі алдына өрнектастар төсеп, ауыл кіре беріс жолына жарық шамдар орнатты. Талдықұдық орта мектебінің 1985 жылғы түлектері орталық саябаққа 2 000 000 теңгеге LED экран орнатты. Бостандық орта мектебінің 2005 жылғы түлектері мәдениет үйі жанына 2 000 000 теңгеге LED экран қойды.

Қараөзен мектеп-лицейінің 2005 жылғы түлектері 2 700 000 теңгеге орталық саябаққа демалыс орны жасады. Тереңкөл орта мектебінің 1995-2005 жылғы түлектері 2 700 000 теңгеге балалар ойын алаңын жаңартты. Көктерек орта мектебінің 1985-1995-2015-2010 жылғы түлектері 2 800 000 теңгеге демалыс орындарын жасады. Жаңажол орта мектебінің 1995 жылғы түлектері 3 000 000 теңгеге ауыл кіреберісіне жарық шамдар қойды. Березин орта мектебінің 1985 жылғы түлектері 3 000 000 теңгеге «Түлектер саябағын» салып берді. Ғали Беғалиев орта мектебінің 2005 жылғы түлектері 3 000 000 теңгеге орталық көшеге LED экран қойды. Талдықұдық орта мектебінің 1995 жылғы түлектері 3 000 000 теңгеге кіре беріс жол аркасы мен жарық шамдар орнатты. Қараөзен мектеп-лицейінің 1995 жылғы түлектері 3 000 000 теңгеге саябаққа «Шаңырақ» композициясын тарту етті. Бірік орта мектебінің 2005 жылғы түлектері 4 500 000 теңгеге ауыл кіреберісіне арка және жарық шамдар орнатты. Жаңажол орта мектебінің 2005 жылғы түлектері 5 400 000 теңгеге «Стрит воркаут» спорт алаңын салды. Талдыапан ауылының 1992 жылғы түлектері 5 600 000 теңгеге ауыл кіреберісіне жол аркасын орнатты. Фурманов орта мектебінің 1985 жылғы түлектері 11 000 000 теңгеге «Ғылым. Еңбек. Парасат» атты композициясын тарту етті. Кенжебек Мендалиев және Ғиният Молдашев орта мектебінің 2005 жылғы түлектері 33 000 000 теңгеге «ARNAU ARENA» жабық спорт алаңын салды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Каирлиев: -Бүгін біз туған жерді бірге түлетуге, ел мүддесін жаңғыртуға жарқын істерімен көшбасшы болған үздіктерімізді ұлықтайтын «Жомарт жүрек – 2025» марапаттау рәсімінде бас қосып отырмыз. Бүгінде бұл жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға айналып, ұрпақтар сабақтастығының айқын дәлелі болды.
Ауданымызда мектеп түлектері мен меценаттардың демеушілігімен 2017-2024 жылдар арасында құны 565 млн теңгені құрайтын 285 жоба жүзеге асса, 2025-ші жылы құны 111 млн. теңгенің 37 жобасы жүзеге асырылды. Бұл – туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің, елге деген жанашырлықтың нақты көрінісі.

«Туған жерге туыңды тік» дейді дана халқымыз. Бұл нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүрген туған жер перзенттерінің ұранына айналды. «Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат» деген туған жерінің көркеюіне, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жерлестеріміздің еңбегі зор, -деп игі істерді атқарып жүрген бір топ жомарт жүректі жандарға аудан әкімі атынан алғысхат пен статуэтка табыстады.
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы