Ол үшін бюджеттен 4 млн теңге үстінде қаражат бөлінген.

Қазір мердігер компания мұз алаңдарына су құю үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
- Күн суытып, аяз сәл көтерілген бойда мұз алаңдарына су құю жұмыстары басталады, - деді Орал спорт клубы директорының орынбасары Манарбек Ержанов.

Айта кетейік, балалар үшін дайындалатын мұз алаңдары тегін қызмет көрсетеді.
Қалалықтардың сүйікті демалыс орны - Жастар стадионындағы мұз құю жұмыстары да алдағы апта аяқталып, қала тұрғындары үшін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Жанат Көшкінбай,
Суреттер сайт архивінен