23.12.2025, 14:45
Оқылды: 18

Мас жүргізуші-қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап көлікті масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Осыған қарамастан, көлікті масаң күйде басқару мәселесі жол қауіпсіздігі саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

ГАИ жол полициясы https://polisia.kz/ru/19-letnij-voditel-so-shtrafami-na-7-mln-tenge-zaderzhan-v-almaty/

Әрбір жүргізуші алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде рөлге отырып, өзінің өміріне ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың – жолаушының, жаяу жүргіншілердің өміріне де саналы түрде қауіп төндіреді.

Бір қате әрекет бірнеше отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін.

2025 жылдың басынан бері көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 648 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, қаланың бір ұйымында жүргізуші болып жұмыс істейтін қала тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны үшін, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

2025 жылдың өткен мерзімінде көлікті масаң күйде басқарып, жәбірленушінің денсаулығына, көлік құралдарына, жүктерге, жол және басқа да құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зиян келтіргені үшін  қаланың 51 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, «A» жүргізушісі мас күйінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей көлік жүргізіп келе жатып, басқа көлікпен соқтығысқан. Салдарынан басқа көлікке материалдық шығын келтірілген. Бұл заң бұзушылық үшін қала тұрғыны 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлғалардың да көлікті масаң күйде басқарудың 101 фактісі орын алған. Бұдан бөлек, көлік басқаруға құқығы 9 қала тұрғыны әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде көлікті масаң күйде қайталап басқарған.

Мысалы, «C» есімді азамат көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Орал қаласындағы Абай даңғылының бойында мотоциклді масаң күйде басқарған, психоактивті затты қолдану фактісін және масаң күйін анықтау бойынша жүргізілген медициналық сараптама қорытындысына сәйкес «орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде» болғаны анықталды. Аталған факті бойынша «C» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Алкогольді пайдаланып көлік жүргізу – қате емес, бұл заңды қасақана бұзу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көлікті масаң күйде басқарғаны үшін қатаң жауапкершілік көзделген.

Мас жүргізуші — кездейсоқ емес, заңды бұзып, басқаларға қауіп төндіруді саналы түрде таңдау. Алкогольді пайдаланғаннан кейін көлік жүргізетін әрбір адам бұл әрекеттің бағасы тым жоғары екенін білуі қажет.

Қала прокуратурасы жол қауіпсіздігі жеке жауапкершіліктен басталатынын еске салады. Масаң күйде көлік жүргізуден бас тарту — өмірді сақтайтын қарапайым әрекет екенін мәлімдейді.

 

  А. Ибрашева,

Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале