23.12.2025, 18:00
Оқылды: 69

«Kinder» өнімі қауіпті ме? – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Әлеуметтік желілерде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда. Осыған қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

"Tambov, Russian Federation - April 04, 2013: Four Kinder Surprise Eggs on grey background. Kinder Surprise manufactured by Italian company Ferrero. Studio Shot. Each Kinder Surprise egg consists of a chocolate shell, a plastic capsule, the contents of said capsule, and an external foil wrap."

Сурет: istockphoto.com

- Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз. Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған. Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале