23.12.2025, 23:37
Оқылды: 5

Батыр Бауыржан: болмыс пен биіктік

Бүгін Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен әскери-патриоттық форум өтті.

image-23-12-25-09-42

Іс-шара барысында батырдың ерлікке толы өмірі мен өнегелі мұрасын дәріптеуге бағытталған театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, жастарға отансүйгіштік рухты насихаттауға ерекше мән берілді.

image-23-12-25-09-42-1

Форум аясында бірқатар Бауыржан есімді азаматтар өз саласында атқарған белсенді еңбегі үшін марапатталды. Солардың қатарында Қызылоба ауылының тұрғыны, «Рахат» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Капулов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен марапатталды.
Бұл тағылымды жиын ерлік пен елдік ұғымдарының мәнін терең ұғындырып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайта түсті. Батыр Бауыржанның өмірі мен мұрасы – бүгінгі және келер ұрпақ үшін мәңгілік өнеге.

Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале