24.12.2025, 16:15
Оқылды: 106

Қаратөбе ауданында жаңа әкімшілік ғимараты ашылды

Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық округтерде жаңа әкімшілік ғимараттар салу және материалдық-техникалық базаны жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалар ауылдық жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

 604524269_4286762188265883_5025596795608525689_n

Осы жұмыстар аясында Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Орынбасарұлының қолдауымен, аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Егіндікөл ауылдық округінде жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

603896374_4286762298265872_4367403478913833855_n

Ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев жаңа нысанның ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтіп, ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

600412096_4286761304932638_5286255246144563101_n

Салтанатты шара барысында Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппаратында ұзақ жылдар қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қадырбек Баубеков ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Шара барысында ғимараттың құрылысын жүзеге асырған «МТС Регион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Тілек Кереев Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Зейнолла Ғойноллаұлына жаңа әкімшілік ғимаратын кілтін табыстады.

602926865_4286761414932627_6942386838347435922_n

Жаңа әкімшілік ғимарат заманауи талаптарға сай салынған. Мұнда қызметкерлер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып, қажетті материалдық-техникалық база толық қамтылған.

603088590_4286762168265885_721853830693509183_n

Жаңа нысан Егіндікөл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсері сөзсіз.

 

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале