24.12.2025, 15:00
Оқылды: 116

Президент Besqaru зауытымен танысты

Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды, - деп жазады akorda.kz

1766565413_KZ8_8569_2

Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.

1766565451_KZ8_7970_2

Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар. Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.

1766565451_KZ8_8401_2

Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.

1766565506_KZ8_8436_2 1766565534_KZ8_8232_2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале