27.01.2017, 18:47
Оқылды: 51

Мемқызметке қойылар талап қатаң

Memkizmetker 01  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті жанындағы Әдеп кеңесінің отырысы өтті.  


  Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмыстардың қорытындылары сөз болды. Сондай-ақ облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының, Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыларының, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

  Алдымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментімен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралып, аталған мекемеде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында алынған шаралар жөнінде департамент бастығының орынбасары Жақсылық Айтбаевтың есебі тындалды. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері аталмыш департамент тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында алынған шаралар түбегейлі жүргізілмегені атап өтіп, бұл мәселеге қайта оралу туралы ұсыну шешім қабылданды.

Memkizmetker

  Жиын барысында облыстық аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау кезінде ҚР Мемлекеттік қызметі туралы заңы мен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының кейбір талаптары сақталмайтындығы да айтылды. Соған орай БҚО ІДД, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының, БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қазынашылық департаменттерінің тәртіптік комиссия төрағаларының есептері тындалды.

  Есептерді тындау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселесі бойынша жоғарыда аталған қағида талаптарын қатаң сақтау және тәртіптік комиссия жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде облыстық аумақтық мемлекеттік орган басшыларына ұсыныс жолдау жөнінде шешім қабылдады.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале