26.12.2025, 17:30
Оқылды: 114

Сырым ауданында шаттыққа толы шырша өтті

Жаңа жыл – әр баланың жүрегінде үміт отын жағып, қуаныш пен шаттық сыйлайтын ерекше мереке.

IMG_7106

«Марзия Гранд Хол» мейрамханасында өткен аудан әкімінің шыршасы «Жаңа жылдың жасырын миссиясы» атауымен ұйымдастырылып, балғын жүректерге ұмытылмас әсер сыйлады. Шараға 70 оқушы қатысты.

IMG_7124

Мерекелік кеште алғаш болып Аяз ата мен Ақшақар шақырылды. Алдар көсе, ескі жыл — Жылан, жаңа жыл — Жылқы, шырша ойыншықтары мен түрлі кейіпкерлер кештің көркін қыздырып, балаларды ғажайыптар әлеміне жетеледі. Жаңа жылдық қойылымның басты түйіні – «Достық пен махаббат бәрін жеңеді» деген терең оймен өрілді.

IMG_7001

Мерекеде аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сөз алып, балаларды келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтады.

– Құрметті балалар, жас достар! Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бұл – сіздер асыға күтетін, армандар орындалатын, үмітке толы ерекше жыл. Келер жыл әрқайсыңызға мол қуаныш, зор табыс әкелсін. Оқуда озат болып, ата-аналарыңыздың мақтанышына айналыңыздар. Жаңа жыл тек жақсылықтың жаршысы болсын! – деді аудан басшысы.

IMG_7012

Жұмагелді Жолдыбайұлы балаларға тюбинг пен тәтті сыйлықтар табыстады. Кішкентай қонақтар аудан әкімімен естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күйді одан әрі артты.

IMG_6961

Жүрекке жылу сыйлаған думанда хореограф Айнагүл Сарғозиеваның «Жаңа жыл келді», «Қуаныш шашуы», үнді биі, Гүлрайхан Темірбекованың «Қысқы қызықтар», «Мамбо шеруі» секілді әсерлі қойылымдар көрермен көзайымына айналды. Балауса әншілердің әсем әндері мерекенің шырайын кіргізді.

IMG_7031

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов үздік карнавалдық костюм иелерін марапаттады. Абай орта мектебінің оқушысы Жансерік Жұмағұлдың ерекше костюмі үздік деп танылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Балалар тәтті үстелден дәм татты.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале