Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.

Сала басшылары мен округ әкімдерінің басын қосқан бұл жиында биылғы жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, алдағы жылдың жоспарына сәйкес міндеттемелер берілді.
Алдымен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллин екі бірдей тақырыпта баяндама жасады.

Ол баяндамалардың біріншісі - жеке инвестиция көлемінің жоспары мен орындалуы болса, екіншісі - "Ауыл аманаты" бағдарламасының іске асырылу барысы.
- Аудан бойынша 2025 жылға 13,8 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған, оның жеке инвестициясы 10,0 млрд. теңге. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына инвестиция көлемі-5 млрд. 440 млн.теңге, басқа да жеке инвестиция көлемі - 4 млрд. 560 млн теңге
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына негізгі капиталға салынған 11 млрд. 690 млн.214 мың теңге болса, жеке инвестиция көлемі 6 млрд. 210 млн. 786 мың.тг. құрады. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 158 млн. 376 мың теңге құрайды.
10,0 млрд.теңге жоспардан шығу үшін осы айда 3 млрд.769 млн.714 мың.теңге жеке инвестиция салыну керек.

Осы міндеттің орындалуын округтер кескінін де қарастырсақ, техника бойынша Орда а/о - 81% орындаса, қалған округтер 100% орындап отыр. Негізгі табынға ауыстыру - 59% орындалса: Бисен-91%, Мұратсай-82%, Саралжын-75%, Сайқын-73%, Ұялы-64%, Т.Масин-41%, Орда-31% орындап отыр.
153 шаруа қожалығының құжаттарын жинақтап статистика басқармасына каталогқа енгізілгенде 1 млрд. 670 млн. 87 мың. теңгені құрады. Соның ішінде, техникаға-304,6 млн., негізгі табынға ауыстыру-1365,4 млн.тг.,- дейді баяндамашы Сүйінбек Хайруллин.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 91 ауылдасымыз 442 млн 15 мың теңге жеңілдетілген несие алған екен.
Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі маманы Мейрамбек Ғилманов төтенше жағдайлардың алдын алудағы дайындық жұмыстарын үйлестіру турасында сөз алды.
Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы