30.12.2025, 14:45
Оқылды: 239

Министр Балаева: «Сырым елі» - Алаш дәстүрін жалғастырушы

ee2e75b5083bfbb3dc7f215845d4def8

Сурет: gov.kz

«Сырым елі» қоғамдық - саяси газетінің 95 жылдық мерейлі тойына орай ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева құттықтау хат жолдады: 

-  «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы мен оқырмандарын 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекет саясатын халыққа жеткізудегі, қоғамдық пікір қалыптастырудағы орны айрықша. Осы орайда «Сырым елі» газеті Алаш зиялылары қалыптастырған ағартушылық дәстүрді абыроймен жалғастырып, ұлттық руханият пен адамгершілік құндылықтарды насихаттап келеді.

Аудандық газет өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы зобалаңды, қырқыншы жылдардағы ауыр кезеңдерді, тоқырау жылдарының сын-қатерін елмен бірге еңсерді.

Бүгінде басылым көкейкесті мәселелерді көтеріп, қоғам мен билік арасындағы сенімді дәнекер – алтын көпір қызметін абыроймен атқаруда.

Аға буын журналистердің жанкешті еңбегі мен бүгінгі шығармашылық ұжымның кәсіби ізденісі газет беделін одан әрі биіктетіп, журналистік қызметтің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін айқын көрсетті. - деп жазылған хатта.

Құттықтауды газет редакторы Бауыржан Ширмединұлына БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева тапсырды.

ҚР Премьер Министрінің орынбасарынан арнайы құттықтауы “Сырым елі” газетінің қоғамдағы орынын көрсетеді.

Бұдан бөлек, белгілі журналист, “Хабар Агенттігі” АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Астанадан редакция ұжымы мен ардагерлеріне құттықтау хат жолдады. Хат мәтіні салтанатты шарада ресми түрде оқылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале