30.12.2025, 19:00
Оқылды: 85

Жаңа жыл қарсаңындағы игі бастама

Жаңа жыл – әрбір бала үшін ерекше қуанышқа толы мереке. Осы игі дәстүрді жалғастыру мақсатында «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы партияның «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында әлеуметтік жағынан осал топқа жататын отбасылардың балаларына арнап 110 дана жаңажылдық сыйлық дайындады.

photo-output

Қазіргі таңда дайындалған сыйлықтар аудан аумағындағы әрбір ауылдық округтерде бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері арқылы бүлдіршіндерге табысталып жатыр. Бұл шара – партияның халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, әсіресе балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған жүйелі жұмысының бір көрінісі.

photo-output
«Қуанса, бала қуансын» деген халық даналығын басшылыққа алған аудандық партия филиалы жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың жүзінен шаттық, жүрегінен жылулық сыйлауды басты мақсат етті. Осындай игі істер арқылы жас ұрпақтың мерекелік көңіл-күйін көтеру, қоғамдағы мейірім мен бірлікті нығайту көзделіп отыр.

photo-output
Алдағы уақытта да «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға, соның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған жобалар мен қайырымдылық шараларын тұрақты түрде жалғастыра бермек.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале