8.01.2026, 12:00
Оқылды: 192

Казталов ауданының әкімі қыстақтарды аралады

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов бастаған аудан басшылығы Бостандық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, қыстақтардағы мал шаруашылығының жай-күйімен танысты.

611998924_3011788545689512_5378374677960953839_n

Сапарға аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмұхамбетов қатысты.

611174129_3011788032356230_6619195280167339959_n

Аудан бойынша мал шаруашылығы жылдан-жылға тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі таңда қыстақтардағы мал басын шартты басқа айналдырғанда 187 712 шартты бас тіркеліп, оны қыстату үшін 380,3 мың тонна шөп қажет.

610892053_3011788092356224_8628677493920496088_n

2025 жылы аудан көлемінде 422,4 мың гектар жер шабылып, 107,69 мың тонна шөп жиналды. Орташа өнім гектарына 2,5 центнерді құрады. Сонымен қатар, өткен қыстан 162,7 мың тонна мал азығы қалған, басқа аудандардан 58,31 мың тонна шөп тасымалданған. Нәтижесінде қыстақтарға жалпы 328,69 мың тонна мал азығы жиналып, қажеттіліктің 86,4 пайызы қамтамасыз етілді. Оның ішінде жеке тұрғындар 71,24 мың тонна, ал шаруашылықтар өз күшімен 257,45 мың тонна мал азығын дайындады.

Малға арналған жем-шөп сатып алу жұмыстары округ әкімдіктері мен шаруашылық басшыларының бірлесуімен жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудан орталығы Казталов ауылында және Жалпақтал ауылының дүкендерінде кебек, ақ және қара бидай, арпа секілді жем түрлері сатылуда. Бір қап жемнің бағасы 2000–3500 теңге аралығында. Аудан бойынша жемге деген қажеттілік 17,3 мың тоннаны құраса, бүгінгі күнге дейін 4,8 мың тонна жем жеткізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

608162487_3011788315689535_1696959436271457318_n

Қазіргі таңда ауданның 16 ауылдық округінде 357 қыстақ орны бар. Онда 150 978 бас ірі қара, 244 851 бас қой, 29 965 бас ешкі, 42 836 бас жылқы және 265 бас түйе қыстатылуда. Жаз мезгілінде шаруашылықтар қыстақ орындарын өз күштерімен жөндеп, қысқа дайындық жұмыстарын жүргізген. Қыстақтарда бүгінде 585 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Іссапар барысында аудан басшылығы Қурайлы, Қамыстыкөл, Ақкөлмек, Бекіш, Ибатшеген, Өтепқали, Тлекқабыл, Жаманқұдық, Жылти, Бекет, Оңбай, Қосарал, Құлшыман, Жаңабаз, Нәсіп, Ақсуат, Тасоба қыстақтарын және «Муслим» шаруа қожалығын аралап, қожалық иелері мен жұмысшылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесулер барысында шаруалар мал қыстату, жем-шөп қоры, төлдету науқаны және мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Бостандық ауылдық округінің әкімі Есбол Сақауов округ аумағында мал шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

611176778_3011788725689494_8562047108313380799_n

— Бүгінде округ аумағында 32 қыстақ орналасқан, онда 43 шаруашылық тұрақты жұмыс істеп келеді. Қыстақтарда 4 мың бас ірі қара, 5678 бас қой-ешкі және 1951 бас жылқы бар. Мал төлдету науқаны да жоспарға сай жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау шаралары шаруалардың жұмысын жандандырып, сала дамуына оң әсерін тигізіп отыр, — деді округ әкімі.

Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы жүктеген мал шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмалардың маңыздылығына тоқталды.

— Президент ауыл шаруашылығының, оның ішінде мал шаруашылығының ел экономикасындағы орнына ерекше мән беріп отыр. Ет өндірісін ұлғайту, ішкі нарықты сапалы өніммен қамту және экспорттық әлеуетті арттыру — басты міндет. Осы бағытта аудан көлемінде шаруаларға қолдау көрсету жалғаса береді, — деді Асланбек Ахметоллаұлы.

608942265_3011788165689550_2791270876144750569_n

Сапар соңында қыстақтардағы жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жақсарту, екпелі шөп егу және мал шаруашылығын жүйелі дамыту мәселелері қозғалып, ауыл еңбеккерлерінің ұсыныстары кезең-кезеңімен шешілетіні айтылды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале