1.02.2017, 11:11
Оқылды: 45

Оралда жүргізуші әйел 6 көлікті соқты


mashina sokti  Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апаты қас-қағым сәтте орын алған. Жүргізуші әйел бірінші қалалық емхананың көлік тұрағында тұрған жол талғамайтын көлікті жанап өткен.

  «Лэнд крузер» жүргізушісінің сөзіне сүйенсек, әйел оның машинасын жанап өтіп, рульді жылдам бұрып, тұраққа қарай бет ала бергенде 5 машинаны соққан.


   «Мен көлігімді тұраққа қоймақшы болып кіре бергенде, қатты дауыс шықты. Жол талғамайтын көлік артқы бамперімді соқты. Соққыдан көлігім жылжып кетіп, мен бірнеше машинаны жанап өттім, - деп айтты зардап шегуші Нұрлан. «Лэнд крузер» мінген әйел «ВАЗ 2114», «Приора», «Кия», «Пассат» және «Форд» маркалы көліктерді соққан. Қалған көліктің жүргізушілері оқиғаны көрмеді, себебі көліктер емхананың алдындағы тұрақта тұрған болатын. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі зардап шекті. Жол-көлік апатының себебі анықталуда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале