9.01.2026, 17:30
Оқылды: 20

Спорт мерекесіне айналған спартакиада

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Денсаулық-2026» қысқы спартакиадасы басталды.

фото 2

Жыл сайын университеттегі «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастыратын спорт мерекесіне әдеттегідей университет оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған командалар қатысады.

Шараның ашылу салтанатында жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеген тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов бұл іс-шараның мақсаты университет қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамытуға және әріптестердің достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Ал «Сұңқар» спорт клубының директоры Рауан Тұрдалиев спартакиданы жоғары жетістіктермен өткізетін оқытушылардың қысқы демалыстан келетін білім алушыларды жақсы әсермен қарсылайтынына сенім білдірді. Салтанатты шара барысында «Қарақат» мектеп студиясының кішкентай бишілері өнер көрсетіп, командаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

фото

Еске сала кетсек, қысқы спартакиадаға қатысушылар спорттың волейбол, футбол, баскетбол, дойбы, садақ ату, көңілді эстафета, үстел теннисі, шахмат, асық ату, қол күресі, шаңғы эстафетасы, арқан тартыс, ләңгі, спорттық бағдарлау, бес асық түрлері бойынша өзара сайысады. Спартакиадаға «Вет-Агро», «Политех», «ИТИ», «Эконом», «Спортфак», «Әкімшілік бөлімі» құрама командалары қатысып, аталған спорт түрлері бойынша бақтарын сынауда.

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале