1.02.2017, 12:48
Оқылды: 67

Өнердің озығы - шеберлер байқауы

Karatobe koloner  Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен «Қолөнер шеберлері» атты аудандық балалар сәндік қолданбалы өнер байқауы өтті. 

  Шара барысында ауданның әр ауылдық округтерінен келген шеберлер арасында байқау ұйымдастырылды. Қазылар алқасы шеберлердің ұлттық қолөнер бұйымдарының ерекшелігін көрсетуіне, сонымен бірге, бұйымдардың киіз, ағаш, былғары секілді табиғи заттардан жасалғандығына көңіл бөлді.


   Байқауда қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлері жасаған туындылар қаз-қатар тізілген. Айта кетерлігі, шеберлер жасаған бұйымдарын қазақ тарихымен және «ЭКСПО» билеттерімен ерекшеленген.

  Бірінші кезеңде қазылар алқасы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәдігерлерімен танысты. Екінші кезең Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің әдіскері Айнагүл Ахметованың «Сергіту» тренингімен жалғасып, жетекшілердің шеберлік сыныптары, оқушылардың тәжірибе алмасу сабақтарына ұласты.

  Байқау соңында «Мүсіндеу», «Гобелен», «Ағашпен жұмыс», «Аралас материалмен жұмыс», «Бисермен жұмыс» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жеңімпаздардың қолөнер бұйымдары облыстық кезеңге жолдама алды.

 

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале