12.01.2026, 11:30
Оқылды: 52

БҚО-да басқарма басшысы сыбайласымен 100 млн теңгеден астам пара алған

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті.

_gluster_2025_9_2_ee9a5291ae9a0688af7573df790ef33b_1280x720

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале